8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қыркүйек 2019 2468 0
Өзек

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

Халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және оның жолын кесу мақсатында Батыс Қазақстан облысы аумағында 2019 жылғы 15 қыркүйек – 10 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Бұл турады БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Өткізілетін кезең ішінде учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік учаскесіндегі тұрғындармен танысу, сондай-ақ,  әртүрлі құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды анықтау мақсатында аула және көп қабатты үйлерді тексереді. Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған тұлғалар тексеріліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Іс-шара барысында жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелері,  базарлар мен өзге сауда жасау орындары, қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алу мен қадағалаусыз қалу фактілерін жою мақсатында  жастар және кәмелетке толмағандар көп шоғырланатын жерлер тексерілетін болады.

Сонымен қатар, саяжай алқаптары, құрылыс объектілері, оның ішінде тоқтатылған және тасталған объектілер, шатырлар, жертөлелер, канализациялық құдықтар мен өзге де орындар тексеріледі.

Ауылдық жерлерде учаскелік полиция инспекторлары қыстақтар мен шаруа қожалықтарын тексеріп, тұрғылықты мекенжайлары жоқ адамдарды, заңсыз жұмыс күшін пайдалану, шетелдік азаматтардың көші-қон ережесін бұзу, тіркелмеген қарулар мен тыйым салынған заттарды сақтау фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді.

Сонымен қатар тұрғындар арасында туындаған мәселелерді шешу үшін учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып  халықпен кездесулер ұйымдастырады.

Барлық керек ақпаратты БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының 98-43-09, 98-43-11 және 98-43-13 телефон нөмірлері арқылы  алуға болады.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
512 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»