8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Тамыз 2019 2007 0
Қалалықтар қаперіне

«TORUSMAPS» ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНА ОРНАТЫЛДЫ

Бүгін қаладағы теміржол вокзалында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «TorusMaps»  интерактивті 3D картасы таныстырылды. Аталмыш Қазақстанның картасы  өңіріміздің киелі жерлерінің туристік әлеуетін, шаһардың қонақжайлылығын арттырып, қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын оятары сөзсіз.

– «TorusMaps»  интерактивті 3D картасы заманауи технологияға сай жабдықталған үштілді алғашқы сенсорлы терминал. Терминалды толықтай өзіміз жасақтадық. Астыңғы құрылымы Қазақстанның 3D картасын жарықтандыру негізінде LED экран арқылы жабдықталған, өзі сенсорлы терминал. Терминалдың құны 1 млн. 800 мың теңгені құрайды. Мұнда Батыс Қазақстанның жеті киелі жері толықтай цифрландырылып, бес элементке қатынау мүмкіндігі қарастырылған. Мұнда  мәліметтерді, фотогалереялар, графикалық бейнематериалдарды, виртуалды, 360 градустық панорамалық турларды және 3D форматында жәдігерлер немесе ескерткіштерді шолып қарауға болады. Өңірімізге келген туристер демалыс орындарын, киелі жерлерді, әлеуметтік маңызы бар нысандарды  оңай табуы үшін толықтай цифрлық форматта іздеуді жүйеге келтірдік. Болашақта элементтерді толық қалыптастырып, әлі де тың мәліметтер енгіземіз. Туристік агенттіктерді жапырақты технологияға енгізу үшін мағлұматтар жинауымыз керек, – дейді жоба авторы.

– Қазіргі таңда ақпараттандыру аясында электронды терминалдар дайындалуда. Соның бірі – бүгін теміржол вокзалына орналастырылды. Күні бүгінде туристердің өңірімізге келуі 18 пайызға артып отыр. Осы бағытта туристерді нақты ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында аталмыш электронды панельдің маңызы зор. Электронды панельде облыстық киелі жерлері мен туристерге қажетті ақпарлар толық бар. Мәселен, мейрамханалар мен қонақүйлер туралы мәліметтермен қамтылған. Өткен жылы облыстағы республикалық тізімге енгізілген киелі    жерлерге арнайы туристік бағдарлар жүзеге асырылды. Сол бойынша туристерге экскурсиялар ұйымдастырылады, – дейді облыстық кәсіпкерлік басқармасының бас маманы Әсел Әжмұханбетова. Айта кету керек, алдағы уақытта дәл осындай «TorusMaps»  интерактивті 3D картасы қаладағы «Сити центр» сауда орталығы  мен халыққа қызмет көрсету орталықтарына орнатылмақ.

     

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
943 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»