Тоқтап тұрған көлікті соқты
Полиция қызметкерлері Орал қаласында жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушіні анықтады.
БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы іздестіру тобының қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізушіні тапты. Тексеру кезінде 12 ақпан күні сағат 21:54-те Орал қаласының Ашхабат көшесімен аса үлкен жылдамдықпен жүріп келе жатырған «ВАЗ 21150» маркілі автокөлігінің жүргізушісі тоқтап тұрған көлікті соғып, оқиға орнынан кетіп қалғаны анықталды. Құқық бұзушы 21 жастағы Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Оны табуға бейнебақылау камералары көмектесті.
Құқық бұзушының көлігі арнайы тұраққа қойылды. Сондай-ақ ол ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өз кезегінде көлік иесі полиция қызметкерлеріне жедел жұмыс атқарғандары үшін алғысын білдірді.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі

Кіру