Тілшілер біраз ойды ортаға салды
Бүгін, маусымның 26- сы күні медиа әлемінде жаңа серпін беретін , жас тілшілер мен кәсіби журналистердің қатысуымен , БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығы ұжымының ұйымдастыруымен «QADAM» media форумы аясында сөйлеуге арналған тренинг пен кездесу өтті.Кездесуге БҚО әкімі аппаратының басшысы Н.Ораз қатысып, БҚО әкімі Н.Төреғалиевтың журналистерге арналған жылы лебізін жеткізіп, өзінің журналистік жолындағы жетістіктері мен қызықты сәттері, жөнінде тоқталды. Сондай – ақ өңірімізге танымал журналистер Н.Рахманов,Т.Өтеғалиева,А.Мұратқызы,Г.Бияшева,Н.Оразаевтар өздерінің аталмыш кәсіпке қалай келгендігі, алғашқы жұмыс кезіндегі сезімдері, іс- тәжірибелері, кәсіби өсудің көкжиегіне бастар жол туралы әңгіме өрбітіп, ой – пікірлерін ортаға салды. Жиынның соңында БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығының басшысы Ә.Орынбасаров әріптестерін айтулы мерекемен құттықтап, алғаш рет өткен «QADAM» media форумына белсенді қатысқан барлық сөйлеушілерге алғысын білдірді.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру