8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Маусым 2020 1332 0
Өзек

ТЕРРОРИЗМ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАР БЕРГЕН ОРАЛДЫҚ АЗАМАТ СОТТАЛДЫ

Сот үкімі  16 маусым күні шықты.

25  ақпан күні полицияға қаладағы сауда үйлерінің  біріне  жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарланған. Ақпарат бойынша Полиция басқармасы мен Полиция департаментінің барлық шұғыл қызметі мен жедел топтары оқиға орнына жіберіліп, сауда-ойын орталығы қоршауға алынды, орталықта болған барлық адамдар эвакуацияланды. Жедел-іздестіру шаралары кезінде сауда-ойы-сауық орталығынан жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Яғни, шақырту туралы хабарлама жалған болып шықты.

Хабарласқан абоненттің 1989 жылғы ер азамат екені анықталды. Сол күні-ақ факті сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге енгізіліп, ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-ші «Терроризм актісі туралы жалған хабарлама беру» бабы бойынша  іс қозғалды.

Қылмыстық іс материалдары бойынша сотталушы алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде Орал қаласы полиция басқармасының «102» жедел басқару орталығына хабарласып, Еуразия даңғылы бойындағы «City center»  сауда және ойын-сауық орталығына бомба қойылғанын айтқан. сотқа дейінгі тергеу кезінде және сот отырысында  ер азамат өз кінәсін толық мойындады.

Орал қалалық сотының 2020 жылғы 16 маусымдағы үкімімен  ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша  екі жыл алты айға  бас бостандығынан айырылды.

Осы орайда Орал қаласы Полиция басқармасының экстремизимге қарсы іс-қимыл тобы азаматтарды ойланбай әрекет етуден сақтану қажеттігін ескертеді. Алдымен әр әрекеттің салдары және  жазасыз қалмайтынын есте ұстау қажет. Мұндай әрекет қылмыстық жауапқа тартылуға және оқиға орнына жедел қызмет пен топтарды шақырғаны үшін толық шығынды өтеуге алып келеді. Қылмыстық кодексте бұл ретте бес мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы уақытқа  бас бостандығынан айыру санкциясы көрсетілген.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
359 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
943 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»