8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Шілде 2026 419 0
Заң және тәртіп

Терезені жауып жүріңіз!

БҚО ПД баспасөзінің мәліметінше, осы жылдың 14 маусым күні сағат 14:10 шамасында болған оқиға әлі күнге ел есінен кетер емес. Сол уақытта «102» жедел арнасына Оралдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің жетінші қабатындағы пәтер терезесіне кішкентай баланың шығып кеткені туралы хабарлама түскен.


Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен патрульдік полиция қызметкері Рысбек Агзамов уақыт оздырмай әрекетке кірісті. Көп ұзамай оған Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің қызметкері Рафаэль Ишакаев пен осы үйдің тұрғыны, полиция жүргізушісі Батырбек Сейітов қосылды. Олар құлыптаулы пәтердің есігін ашып, ішке кірудің жолын тауып, баланы қауіпсіз жерге шығарды.

Полиция қызметкерлерінің батыл әрі үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде шамамен төрт жасар бүлдіршін аман қалып, қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік туды.

Мамандар жаз мезгілінде балалардың терезеден құлау деректері жиілеп тұрғанына алаңдауда. Сондықтан мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналардың жауапкершілігі ерекше маңызды. Осыған байланысты полиция департаменті тұрғындарға кішкентай балаларды үйде қараусыз қалдырмауды, терезе маңына жиһаз қоймауды, москит торына сенбеуді және терезелерге арнайы қорғаныс бекіткіштері мен шектеуіш құрылғыларын орнатуды ескертеді!

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
324 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»