8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Мамыр 2020 1186 0
Қоғам

ТЕРЕКТІДЕГІ ҚОС БІЛІМ ҰЯСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

    Теректі ауданы бойынша бірнеше жылдар бойы шешімін таппай жүрген мәселелердің бірі – мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етуі еді. Бүгінгі таңда аталмыш мәселелер өз шешімін табуда. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ауданның екі мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты 1984 жылы 464 оқушыға арналып салынған. Содан бері күрделі жөндеу жүргізілмепті.  Тозығы жеткен мектепке биыл республикалық бюджет есебінен 267 млн. теңге қаражат бөлінді.    «Алтим» құрылыс компаниясы 5 мамырдан бастап жұмысқа  кірісті. Күрделі жөндеу жұмыстары 30 тамызға дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл ғимараттың бір бөлігінде 40 орындық шағын орталық бар. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, бұл орталықта мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарлануда. Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына жергілікті 33 адам жұмысқа тартылған.

Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан екінші мектеп – Долин ауылдық округіндегі Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі. Жалпы ауданы 2146 шаршы метр ғимаратты жөндеуге республикалық бюджеттен 230,5 млн. теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Фирма ИСКОМ» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Мердігер компания арадағы келісімшарт негізінде жергілікті тұрғындардың 29-ын жұмыспен қамтыған. Долин ауылдық округіне қарасты елдімекендерде мектептер жабылу алдында. Сол себепті, мұндағы шәкірттерді Чапаев мектебіне көшіру жоспарланған. Ол үшін мектеп жанынан интернат ашылады.

Суретке  түсірген:  Ә.Орынбасаров

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»