ТЕРЕКТІ АУДАНЫНДА «Е-АСХАНА» ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА
Теректі ауданы әкімі Ә.Т.Жоламановтың төрағалығымен Теректі ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті.

Күн тәртібіне Теректі ауданындағы білім саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы қызметтің БҚО бойынша Департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин кездесуге қатысушыларға білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы таныстырды.
Сонымен қатар, Теректі ауданы білім беру бөлімі, Подстепное, Ақжайық, Федеров, Шаған мектептері басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі есептері тыңдалды.
Аудан әкімі білім беру мекемелеріндегі жұмысқа орналастыруды қадағалауды, мүдделер қақтығысын болдырмауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауды, мектепке «Е-асхана» жүйесін енгізу бойынша бюджеттен қаржы мәселесін қарауды тапсырды.
Айта кетейік, Электронды асхана жүйесі қазіргі уақытта облыс орталығы Орал қаласындағы 11 мектепте пилоттық режимде енгізілген. Келер оқу жылында қалалық мектептердің барлығы цифрлық төлем жүйесіне қосылатын болады.


Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу