8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қыркүйек 2024 3532 0
Бәрекелді!

Телеарнаның 60 жылдығы өтті

Қыркүйектің 26-шы жұлдызында, «Атамекен» өнер ордасында «AQJAYIQ» телеарнасының 60 жылдығына арналған « Ақжайықтың айнасына – 60 жыл» атты салтанатты жиын және мерекелік концерт өтіп,  алдымен  арнаның мерейтойына арналған фотожинақтың тұсауы кесілді.

 

Кітаптың тұсауын Мәдениет қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі Баян Мұхамбетқалиев пен саланың ардагері Сара Набиуллина қиды. Жиынның шымылдығын Еркін Нұрымбетов жетекшілік ететін Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі ашты.

Бұдан соң облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев ұжымға жылы лебізін айтып,облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың құттықтау хатын жеткізді. Одан соң Мәдениет және ақпарат министрлігі мен облыс әкімінің Алғыс хаты арнаның көптеген қызметкеріне табысталды. Сондай – ақ, Астана мен Алматы қаласынан жеткен танымал тұлғалардың құттықтау хаты оқылды.

Мерейтойда «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ БҚОФ директоры Клара Қамбетова әріптестерін құттықтап, бірқатар сала үздіктеріне «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан «Еңбек ардагері», ҚР Журналистер Одағы атынан «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелісі,<< Қазақстан республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ төрайымы Ләззат Танысбайдың Құрмет гармотасы төларнамен тұрақты байланыс орнатып, қолдау көрсеткен демеушілерге мерекелік медальдар табысталды.

Бұдан соң филармония әншілері кештің шырайын келтірсе, «AQJAIYQ арнасының» жас журналистері мерейтойдың мерейін асырып, әуезді әнмен көркемдеді.

Өз тілшіміз

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»