8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Шілде 2021 1567 0
Қоғам

ТЕАТРЛАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының атынан Талдықорған қаласына тәжірибе алмасып, театрлар арасында байланыс нығайту мақсатында бардық. Алдымен театрға басшылық етіп отырған Руслан Исабекұлының қабылдауында болып, театр өнері мен саласы, медиадағы театрдың рөлі жайлы әңгіме өрбіттік.

XXXXV маусымын аяқтап отырған Бикен Римова атындағы драма театры жаңа заманауи ғимаратта жұмыс жасауда. Көрермен орны 510 адамға лайықталған театрдың  жаңа ғимаратта екінші тынысы қайта ашылғандай.

Театрдың шымылдығы 1975 жылдың 4 қарашасында Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» қойылымымен ашылды. Ал 2000 жылы өнер ордасына Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік премияның лауреаты Бикен Римованың есімі берілген. Тарихы жарты ғасырға таяған қара шаңырақтың қазақ театры тарихында ойып алардай орны бар.  Өнер ордасы үлкен белестерден өтіп, елмен бірге дамыды, қоғамды да өсірді.

Пандемияға қарамастан театр кезекті маусымында 5 спектакльдің премъерасын өткізген. Жүректі сыздатып, көкіректі қарс айыратын шығармалардың бірі қайталанбас жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі Талдықорған театрының сахнасында сөйледі. Бір ғана «қорғансыз» сөзімен бір қыздың емес, тұтас ұлттың, халықтың жағдайын көрсеткен спектакльді Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, жас та болса талантымен танылып үлгерген режиссер Фархат Молдағали сахналаған. Індет кезінде театрын сағынған жетісулық көрермен трагедияны жақсы қабылдапты.

– Бикен Римова театры 45 жылдық тарихы, өзіндік орны бар театр. Алдағы уақытта көрерменнің сұранысына сай спектакльдерді, адами құндылықтарды дәріптеп, адам жанына әсер ететін, ой салатын қойылымдарды сахналауды жоспарлап отырмыз. Ал тамыз айында Санкт-Петербург қаласынан режиссер Елена Кузина арнайы келіп, француз актеры, драматург Мольердің 400 жылдығына орай «Еріксіз емші» комедиясын қояды. Болашақта Жұлдызбек Жұмабай, қырғыз режиссері Ұлан Қырықбаев секілді режиссерлармен жұмыс жасау ойымызда бар.  Қазан айында қазақ театры тарихында бұрын болмаған «Бес қару сахна шайқастары» фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді бізбен әңгімесінде театрдың көркемдік жетекшісі Ерлан Кәрібаев.

Жетісу өлкесіндегі іссапарымыз театрдың жаңа премьерасымен тұспа тұс келді.

Театр артисі, ҚР Халық артисі Алмахан Кенжебекова мен «Парасат» орденінің иегері Кендебай Темірбайұлының 70 жылдық мерейтойына орай сахналанған Сұлтанәлі Балғабаевтың «Мәңгілік өмір – махаббат» әлеуметтік музыкалық драмасының премьерасын тамашаладық. Қойылымның қоюшы режиссері –  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек, қоюшы суретшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Карлығаш Шалабаева.

Әлеуметтік музыкалық винегрет жанрында ұсынылған спектакль ғұмыры мен өнерін театрға арнаған Жетісудың қос жұлдызының өміріндегі өнегелі сәттерінен көрініс береді. Көрерменнің көңілін көтеріп, махаббат пен сыйластық сынды киелі ұғымдармен қатар отбасылық құндылықтар мен бала тәрбиесі тақырыптарына терең бойлайды.

 

Динара НАСЫР, 

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры ақпарат бөлімінің жетекшісі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»