8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Сәуір 2022 4557 0
Қалалықтар қаперіне

Театр деген бір тылсым…

Театр – көздің жасындай мөлдір нағыс хас сұлу өнер
Ғ. Мүсірепов

Әр елдің өзін өзгелерден ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт-санасы мен тарихы, рухани дүние танымы бар екені даусыз. «Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» дейді дана халқымыз. Сол сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны бір төбе.
Ақжайық- өнер ордасы. Тұңғыш рет С.Мұханов атындағы қазақ сазды драма театры  гастрольдік қойылымдары халық назарына ұсынылуда.Сәуір айының 26-жұлдызында Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» қойылымы сахналанды. Аталмыш қойылымды тамашалауға Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қоғам қайраткері, «Шапағат» медалінің иегері, ұзақ жылдар білікті театр басшысы болған, мәдениет саласында көптеген қызмет жасаған Құжырғали Төлеуішев қонаққа шақырылды. Сонымен қатар, ағамыздың 75 жас мерейтойына орай қазақи салт-дәстүрімізді дәріптеп, иығына шапан жапты. Және де С.Мұханов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры
Біржан Нұрмаханұлы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры Нұржан Қалижанұлына және барша театр ұжымына, Ақ Жайық жұртына өз алғысын білдірді.
Айтулы күні театр төрінде С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының пресс-конференциясы өтті.
Оған директоры Б.Жалғасбаев, көркемдік жетекші Д.Тойбазаров, театр әртістері Ә.Кәрімов, А.Разиев, Н.Асқаровтар қатысты. Конференция барысында театрдың шығармашылық жоспары таныстырылып, театр директорларының арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды.

Гүлбибі БАҚЫТБАЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»