8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Наурыз 2024 2839 0
Қалалықтар қаперіне

Тасқыннан зардап шеккендерге көмектесуде

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына және облысымыздың 4 ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.


Облысымыздың бірқатар өңірінде қардың қарқынды еруінен және бірнеше күн жауған жауын-шашын салдарынан елді мекендерде су тасқыны орын алды. Осыған орай ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Батыс Қазақстан облысына іс-сапармен келді. Роман Скляр БҚО әкімі Нариман Төреғалиевпен бірге су тасқыны болған аумақтарды тікұшақпен аралап, жағдайды өз көзімен көрді.

Қазіргі уақытта облыстың Теректі, Сырым, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында, сондай-ақ, Орал қаласында тасқынға байланысты табиғи сипатта төтенше жағдай жарияланған. Су басқан аумақтар көп мөлшердегі жауын-шашынның салдарынан ұлғая түскен.

Қазіргі уақытта тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жүзеге асырылуда. 1065 адам эвакуацияланды.

Аудандарда полиция қызметкерлері тарапынан эвакуацияланған елде-мекендердегі азаматтардың мүлкін қорғау үшін тәуліктік кезекшіліктер орнатып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарының полиция қызметкерлері қайырымдылық көмек көрсетуде, яғни су тасқынан зардап көрген отбасыларды азық-түлікпен, қажетті керек-жарақтарымен қамтамасыз етуде.
Жергілікті әкімдіктер, полиция және төтенше жағдайлар органдары су басқан нысандарды сорып алу және адамдарды құтқару бойынша жан-жақты шара қолдануда.

Қазір облысымызда 17 елді-мекенге баратын жолды су басты, оның ішінде 3 облыстық және 16 жергілікті маңызы бар автожолдар. Салдарынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен стационарлық бекеттер орнатылды.

Жалпы су тасқынынан қорғау жұмыстарына 88 полиция қызметкері мен 40 қызметтік техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, Маңғыстау облысының және ТЖД әскери бөлімдерінің күштері тартылды. Қосымша ҰҚК Шекара қызметінің «МИ-8» екі тікұшағы жұмылдырылды.

Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар департамент басшылығының тікелей бақылауында.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»