8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Сәуір 2024 2690 0
Мезгіл мәселесі

Тасқыннан қырылған құжатсыз малдың өтемақысы қалай төленеді

Ауыл шаруашылығы саласындағы жеке және заңды тұлғаларға табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан келтірілген залалды өтеу қағидалары жарияланды.


Құжатқа сәйкес, табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған кезде жергілікті деңгейдегі комиссия құрылады. Оған жергілікті әкімдіктердің ішкі істер органдарының (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдардың, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және жергілікті қоғамдастық өкілдері кіреді.

Малы табиғи төтенше жағдай салдарынан қырылды деп есептейтін тұрғындар осы комиссияға тиісті өтінішті төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бастап 30 күннің ішінде өткізуі керек.

Мал иелеріне шығын бюджеттен де, бюджеттен тыс көздерден де өтелуі мүмкін. Бюджеттен тыс көздердің ақшасы ешбір құжаты жоқ малдың шығынын өтеуге бағытталады.

Малға өтемақы тағайындау үшін комиссия мына жайттарға көз жеткізу керек:

  1. өлген малдың сәйкестендіру белгілері бар екеніне (құлақ белгісі, тавро, микрочип);
  2. өлген малдың сәйкестендіру белгілері жоқ болса, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркелгеніне;
  3. өлексесі табылмаған малдың ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркелгеніне.

«Өлген малдың иесінің ауызша айтуы бойынша тиесілігін анықтау қажет болған жағдайда кемінде 3 куәгерді тарта отырып, ауыл шаруашылығы жануарының өлімінің комиссиялық актісін жасау және кәдеге жарату аяқталғаннан кейін акт жасау қажет. Комиссия, шаруашылық санатына қарамастан құс басы бойынша залалды өтеуді тиісті кәдеге жарату актілерінің қорытындылары бойынша жүзеге асырады», – делінген құжатта.

Демек, малдың ешбір құжаты болмаса, ешбір базада тіркелмеген және өлексесі табылмаған болса, үш куәгерді тарта отырып акт толтырылады.

Өтемақы мөлшері өлген малдың жасы мен жынысына қарай Ұлттық статистика бюросы жариялайтын нарықтық құны бойынша айқындалады.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»