8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Шілде 2026 359 0
Жаңалықтар

Тарихи оқиға – Маңғыстаудың киелі орындары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне ресми түрде енгізілді

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында тарихи шешім қабылданды.

Қазақстан ұсынған «Маңғыстаудың жартасты мешіттері және олармен байланысты киелі орындар» номинациясы ресми түрде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді.
Осылайша, Қазақстанның бес бірегей нысаны – Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата мен Сұлтан епе халықаралық деңгейде ең жоғары мәртебеге ие болды. Бүкіләлемдік мұра комитетінің сарапшылары бұл ескерткіштердің айрықша әмбебап құндылығын атап өтті.

Аталған киелі нысандар – халқымыздың тарихи жадын сақтаған, ата-бабаларымыздан жеткен баға жетпес рухани мұра. Олар Еуразия халықтарының ғасырлар бойы рухани, мәдени және сәулет дәстүрлерімен өзара алмасып келгенінің айқын дәлелі. Сонымен қатар, бұл кешендер күллі түркі дүниесінің бүгінге дейін жалғасып келе жатқан өміршең рухани дәстүрінің ең жарқын мысалы.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
253 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
293 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
329 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
527 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»