8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қаңтар 2019 3213 0
Қалалықтар қаперіне

КОММУНАЛДЫҚ ТАРИФТЕР ТӨМЕНДЕДІ

1 қаңтардан бастап тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметтері тарифтер төмендеді.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тұрғындар үшін қолданыстағы тарифтерді төмендету келісілгенін хабарлады.

«Батыс су арнасы» ЖШС сумен жабдықтау қызметі бойынша тарифті текше метріне 47,02 теңгеден 45,00 теңгеге, яғни 4,3 пайызға немесе 2,02 теңгеге арзандатып отыр. Суды бұру қызметі бойынша текше метріне 50,98 теңгеден 46,86 теңгеге, яғни 8,1 пайызға немесе 4,12 теңгеге төмендеді. Бұл «Жайықжылуқуат» АҚ энергия өндіруші ұйымының бағасының және электр энергиясы көлемінің төмендеуімен байланысты.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ БҚӨФ газ тарату құбырлары арқылы тауарлық газды тасымалдау қызметі 1000 текше метрі үшін 3176,23 теңгеден 2929,21 теңгеге дейін төмендеді. Төмендеу 7,8 пайыз немесе 247,02 теңгені құрап отыр.

«Жайықжылуқуат» АҚ жылумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша өтемдік тариф 10,3 пайызға немесе 463,92 теңгеге арзандайды. 1 Гкал үшін 4524,31 теңгеден 4060,39 теңгеге төмендеді.

Оның ішінде жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылыту ақысы 14,62 теңгеге түседі. Яғни текше метріне 127,9 теңгеден (бұрынғы баға – 142,52 теңге) есептеледі. Ыстық су үшін тариф 24,59 теңгеге арзандап отыр. Енді текше метрі үшін 215,2 теңгеден болады (бұрынғы баға 239,79 теңге).

«Электрод» ЖШС жылумен жабдықтау қызметі бойынша баға 15,7 пайызға төмендетті. Яғни 1 Гкал үшін 4452,15 теңгеден 3751,01 теңгеге арзандады.

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ электр энергиясын беру және тарату қызметі бойынша тарифі – 0,06 теңгеге арзандады.

«Батыс Энергоресурсы» ЖШС электр энергиясын бөлшек саудада сату қызметі бойынша 10 пайызға немесе 1,15 теңгеге төмендеді. Яғни ендігі тариф 10,42теңге/кВт.сағатпен есептеледі.

Сондай-ақ департамент бұйрығымен «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру және тарату қызметіне 5,61 тг/кВт.сағат мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекітілді, қолданыстағы уақытша өтемдік тарифпен салыстырғанда төмендеу 6,7% немесе 0,40 теңгені құрады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»