8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Желтоқсан 2018 2481 0
Жалын

ТАЛАПТЫ ҰЛАНДАР – ЕЛ КЕЛЕШЕГІ

Бүгін Орал қаласында республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, спорттық жарыстардың жеңімпаздарына арналған «АҚЖАЙЫҚ ЖАС ДАРЫНЫ – 2018» облыстық форумы өтіп, жеңімпаздар мен олардың ұстаздарына құрмет көрсетілді. Марапаттау шарасына облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

«Заманауи әлемде елдің қуаты алдымен, азаматтарының білімімен өлшенеді. Терең білім – тәуелсіздігіміздің  тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны» деген Мемлекет басшысының сөзі өмір бойы өзекті болып қала бермек. Өйткені ертеңгі күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адам баласын алға жетелейтін құдыретті күш – білім. Батысқазақстандық оқушылардың білім саласындағы бәсі биік. Биылғы жылы облысымыздың республикалық олипиададан математикалық бағытта – екінші, гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша үшінші орыннан көрінуі – соның нақты дәлелі. Ғылыми жобалардан, спорттан, өнерден де жеткіншектеріміз өңір намысын аспандатып келеді. Облысымызда алғаш рет ұйымдастырылған «Ақжайық жас дарыны» оқушылар форумында биылғы жылдың 62 жеңімпазы марапатталып, олардың жетекшілеріне құрмет көрсетілді.

–Елбасымыздың бастамасымен елімізде білімге, оқуға, спорт пен мәдениетке, өнерге толық жағдай жасалуда. Мектептер, жаңа спорт кешендері ашылып, мәдениет ошақтары бой көтеруде. Мемлекет басшысы «Адамға, оның білім алуына, мәдениетке қаржы салу – бұл мемлекеттің болашағына қаржы салу» деген болатын. 2017-2018 оқу жылында облысымызда жеті мектеп салынды. Білім ұяларына компьютерлер алынып, интернет байланысы орнатылды. Мұның барлығы елдің болашағы үшін. Оқушыларымыз білімді-білікті болса, еліміз алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан табылатыны сөзсіз. Ақ Жайық өңірі – білім саласы республикалық дәрежеде әрдайым алдыңғы орында. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша республикалық, халықаралық олимпиадада оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болып, бізді қуантты. Әрине бұл оқушыларымыздың аянбай ізденіп, оқығанының, ұстаздар мен ата-аналар еңбегінің жемісі.  Жаһандану заманында бәсекелестік күшейіп келеді. Сондықтан оқудан жалықпау керек. Білім қуған балғындарымыз қай жерде, қай елде білім алуға ниеттенсе де жол ашық. Білім ошақтары жылдан жылға өз деңгейлерін көтеруде. Алдағы уақытта  мемлекет тарапынан білім саласын қолдау жалғасатын болады, – деген Алтай Сейдірұлы оқушыларды ағымдағы жылы жеткен жетістіктерімен құттықтады.

Салтанатты шарада форумның басты кейіпкерлеріне облыс әкімі атынан алғыс хат пен ұялы телефон, ұстаздарға теледидар, ноутбук сынды техникалық бұйымдар сыйға тартылды. Бір топ мектеп басшылары арнаулы алғыс хатқа ие болды.

Республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, спорттық жарыстардың жеңімпаздары атынан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 оқушысы ХІХ республикалық Абай оқуларының жеңімпазы Альмира Әлмембет, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы биология, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы Арман Мырзағалиев, республикалық IX оқушылар арасындағы жазғы спартакиаданың жеңімпазы Андрей Шалагин сөз алып, облыс басшысына, мұғалімдеріне алғыстарын білдірді.

Форум аясында өткен «Болашақ» түлектерімен, әр түрлі салада табысқа жеткен тұлғалармен кездесу оқушыларды ынталандырып, қанаттандыра түсті. Білім қуған, зерек жеткіншектеріміздің Тәуелсіздік идеясына адал болатынына, Отанымыздың табысты эстафетасын жалғастыратынына сенім мол.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
558 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»