8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қаңтар 2021 1978 0
Өзек

ТАЛ ТҮСТЕ ҰРЛЫҚҚА ТҮСКЕН

11 қаңтарда Орал қаласы Абай даңғылы бойындағы бір жер үйге белгісіз тұлға ұрлыққа түскен. Күдікті бір күннен соң полицейлердің  қолына түсті. 

Жер үйдің пластик терезелерін тапа-тал түсте ішке қарай итеріп ашу арқылы үйге кіріп, бөлмелердегі шкафтарды ақтарып,  алтын бұйымдар мен ақша іздеген. Осылайша, 2 ер адамның, 4 әйел адамның алтын сақиналарын және 200 доллар ақша ұрлаған.

Үй иелері полицияға шағымданды. Оқиға орнына барған жедел уәкілдер төңіректегі бірнеше бейнебақылау камераларын және ірі нысандар маңайындағы камераларды қарау арқылы осы күні кеште күдіктінің бет-бейнесін анықтады. Үй иелеріне 1 миллион 600 мың теңге көлемінде шығын келгені есептелді. Әрі қарай жүрген ізін жіті зерделеген Абай полиция бөлімінің қырағы қызметкерлері 12 қаңтарда күдіктіні ұстап, бөлімге жеткізді.

1987 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, ұрлық фактілерімен бұған дейін де заң алдында жауапталған күдікті үйге ұрлыққа түскенін мойындады. Сақшылар күдіктінің қолынан алтын сақиналарды тәркіледі, ол алтын бұйымдар 1-2 күн ішінде иелеріне қайтарылады. Ал күдікті ақшаны өз қажетіне жаратып, жойып жіберген.

Абай полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөліміне сай қылмыстық іс қозғады. Жыл басталғалы Абай полиция бөліміне қарасты аймақта тіркелген алғашқы пәтер ұрлығы екен. Тергеу амалдары жүргізілуде.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»