ТАЙЫП ЖЫҒЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТТЫ
Көктайғақ салдарынан тайып жығылғандар қатары күрт артқан. Облыстық аурухананың жарақат бөліміне күніне шамамен 500-ден адам аса түрлі дене жарақатымен келіп ем алуда. Қолайсыз ауа райының салдарымен коммуналдықтар да күні-түні күресіп жатқанын айтады.

Мәселен, қалалық және облыстық аурухана қатар жұмыс жасағанның өзінде бір тәулікте облыстық ауруханада 500-ге жуық адамға ем-дом жасалады. Ауа райының қолайсыз болатыны туралы ақпарат өткен демалыс күндері смс-хабарлама арқылы таралған болатын. Қардың түсу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5 есеге аз. Алайда, шаһар аумағынан «Жайық таза қала» ЖШС-ның күшімен 99 444 метр куб қар шығарылған. Көктайғақтың салдарымен де күресу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың таратқан мәліметіне сүйенер болсақ, ақпан айының 1-і мен 9-ы аралығында жарақат пунктіне 254 адам жүгінген. Пациенттер арасында үсік шалып, күйгендер тіркелмеген.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу