Тағылымы мен тәлімі мол кездесу
Бүгін, 19 қазан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Өмірін өрнектеген өлең-жырмен» атты ақын Ғайсағали Сейтақтың 65 жас мерейтойына арналған кездесу кеші өтті.
Кеште педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев модераторлық етті. Университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Мерген Сүлейменов алғы сөз алып, ақынға қош келдіңіз айтты. Білім ордасының ректоры, профессор Нұрлан Хабиболлаұлының Құттықтау хатын ұсынып, шапан жапты. Кездесу кешінде ақынның асыл жары Тамара Нәбиқызы да болып, университет ұжымына ризашылығын білдірді.

Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Зинулла Мүтиев, филология ғылымдарының докторы, профессор Ғабит Хасанов ақын поэзиясының көркемдік, тілдік ерекшеліктеріне тоқталды. Шараға жазушы, «Жайық үні» ЖШС газетінің директор-редакторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиева, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ақынның группаласы Аянбек Мыңбаев, Жаhанша Досмұхамбетов
атындағы жоғарғы педагогикалық колледжінің оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Қырымжан Жақыпова шақырулы қонақ болып қатысып, естеліктерді еске түсіріп, мерейтой иесіне ізгі тілектерін айтты.Бұдан кейін ақын Ғайсағали Сейтақ бірқатар өлеңдерін өзі оқып, туу тарихын бөлісті.
Студенттер ақынның өлеңдерін оқып, арнау шумақтарын арнады. Домбырамен ән салып, скрипкада әсем күй шертті. Көкейдегі сауалдарын қойып, естелікке суретке түсті.
Дәметкен САҒЫНБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру