8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Тамыз 2022 2144 0
Мезгіл мәселесі

Таңсәріден журналистермен жүздесті

IMG_5781

IMG_5794

Бүгін, қасиетті жұма күні өлкедегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Орал қаласының әкімі М.Сатқановтың арнайы шақыруымен Хан тоғайында бас қосты. Қанша жылдан бері осы салада халық пен биліктің дәнекеріне айналған журналистер қауымы Миржан Мұнайдарұлының таңертеңгі сағат сегізде баспасөз мәслихатын өткізгеніне қайран қалды! Өйткені, аштаңнан ел атынан сұрақ жолдап, әкімнің өз аузынан жауап алу – біздің бәрімізге зор жауапкершілік жүктеп, жұмысымызды одан әрі ширатты. Барша тілші-операторлармен таза ауада, саябақта және еркін форматта баспасөз жиынын өткізуді жөн көрген шаhар басшысы алдағы жоспарын, қалаға басшы болып тағайындалғалы соңғы үш ай ішінде атқарған жұмыстарын саралап айтып берді. Оралда қордаланған мәселелерді шешудің игі-амалдарын жерлестерімен, БАҚ пен бірге реттейтінін жеткізді. Жалпы, осы аптаны БАҚ арқылы халыққа арнап, таяуда «Ақжайық» телеарнасына, сондай-ақ өзінің әлеуметтік желісіне сұқбат беріп, ел-жұрттың сұрағына нақты жауап қатқан М.Сатқановтың ой-пікірі, ашықтығы, барды – бар деп, жоқты- жоқ деп анық айтуы, құр уәдемен өзінің де, өзгелердің де уақытын ұрламайтыны БАҚ өкілдерінің көңілінен шықты.
Біз, әріптестеріміз қойған сан алуан сұрақтардың кейбірін телефонымызға жазып алып, тікелей жүктеп отырмыз. Жалпы, осы баспасөз жиыны туралы толықтай мақаланы «Жайық үнінің» келесі аптада шығатын санынан оқисыздар.

М. Хамзақызы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»