8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Мамыр 2026 1132 0
Білім

Тәжірибе – кәсіби дамудың кілті

Қазіргі таңда жоғары білімнің маңызы тек теорияны меңгерумен ғана емес, оны тәжірибемен ұштастырып, нақты еңбек барысында қолдана білумен айқындалады. Осы жолда өз бағытын ерте анықтап, кәсіби дамуға қадам басқан жастардың бірі – Күнсұлу Есламғалиқызы Төлеуғалиева.

Ол – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің химиялық технологиялар және инжиниринг мамандығы бойынша түлегі. Қазіргі таңда магистратураны тәмамдағалы отырған жас маман өз саласына сай компанияда қызмет етіп, оқу мен жұмысты қатар алып жүр.

Күнсұлу студенттік кезден бастап өндірістік тәжірибеге ерекше мән берген. KazTransOil және Karachaganak Petroleum Operating компанияларындағы практика оған теориялық білімін нақты жұмыста қолдануға мүмкіндік берді. Нәтижесінде төртінші курста өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, бүгінде екі жылға жуық еңбек етіп келеді.

Жас маманның айтуынша, оқу мен жұмысты қатар алып жүру кәсіби дамуға үлкен әсер етеді. Ең бастысы – таңдаған салаң бойынша тәжірибе жинап, білімді практикамен байланыстыра білу.

Бүгінде еңбек нарығында өз бағытын дұрыс таңдап, білімін өмірде қолдана білетін жастарға сұраныс жоғары. Ал тәжірибе жинақтап, ізденістен жалықпаған маман ғана кәсіби ортада өз орнын таба алады.

Толық нұсқасын «Жайық үні» газетінен оқи аласыздар.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
126 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
185 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
249 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
281 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
323 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»