8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қараша 2021 2196 0
Қоғам

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ОРАЛ ШАҺАРЫНДА 4 АУРУХАНА ЖӘНЕ 2 ЕМХАНА САЛЫНДЫ

Бұл туралы бүгін, 30 қараша күні  өңірлік коммуникациялар қызметі  ұйымдастырған «Тәуелсіздік жылдарындағы шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбындағы брифингте Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков баяндады. 

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өңірде  ашылған медициналық нысандардың бірі облыстық диагностикалық орталық. 1994 жылы ашылған нысан бүгінде қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен қамтылған. Жыл сайын бұл жерден 30 мыңнан астам адам тексеруден өте алады.

Облыстық клиникалық ауруханада офтальмологиялық бөлімше 2009 ашылды. Бұл бөлімше Қазақстан мен Ресейдің біріккен жобасы негізінде өмірге келді.  Ал бір жылдан кейін Орал қаласының Зашаған кентінде 200 орындық жаңа үлгідегі көпбейінді балалар ауруханасы пайдалануға берілді.

– Көпбейінді балалар ауруханасы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде салынды. Аталған бағдарлама аясында №5 емхананың ашылу салтанатына өтті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына Орал қаласында 150 кереуеттік жаңа онкологиялық диспансері ашылса, облыстық кардиологиялық орталығында Батыс Қазақстан облысының тарихында алғаш рет жүрекке ота жасалды. Осыдан 5 жыл бұрын ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 300 төсектік қалалық көпбейінді аурухана пайдалануға берілді, – деді қала басшысы.

Ауруханада нейро-инсульт орталығы, жалпытерапиялық, травматологиялық, гинекологиялық, әйелдер босанатын және басқа бөлімшелер жұмыс жасайды. Барлық заманауи керек-жарақтармен қамтылған ауруханада 140-тан астам дәрігер, 300-дей орта буын маманы еңбек етеді.

2014 жылы №6 қалалық емхана пайдалануға берілсе, өткен жылы 200 орындық жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды.

Сонымен қатар қала әкімі Тәуелсіздік жылдарында мәдениет пен спорт саласындағы табыстарға тоқталды. 1991 жылдан бастап Оралда 5  мәдениет және өнер орталығы пайдалануға берілген.  85 мемлекеттік және 54  жеке спорт нысаны ашылды.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»