8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қараша 2019 2286 0
Жалын

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНЫҢ КӨМЕКШІЛЕРІ КӨБЕЮДЕ

Орал қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі мен «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында «Жас тәртіп сақшысы» атты форумы өтті.

«Жас тәртіп сақшысы» студенттік жасағы 2006 жылдан бастап құрылған болатын. Бүгінде жасақ құрамында жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған жетпістен аса  ерікті бар. Олар қылмыспен күресу жолында тәртіп сақшыларына көмектесіп,  өз үлестерін қосып келеді. Форум аясында құқықбұзушылықпен күресуде белсенділік танытқан 15 ерікті жас және олардың  командирлері  Орал қ.ПБ бастығы және «Жас қанат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы атынан Алғыс хатпен марапатталды.  Ниет білдіруші 50 ерікті жасақ құрамына қабылданып, куәлік табыс етілді.

Орал қ.ПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Жантемір Иманалиевтың айтуынша, бүгінгі күні әр жоғары оқу орнында құрылған студенттік жасақтың еріктілері учаскелік инспекторлармен бірге қоғамдық тәртіпті қадағалау, «Қауіпсіз аула» бейнебақылау жүйесіне кезекшілік жасау, оқу орны аумағында тәртіптің сақталуын бақылау жұмыстарына етене араласып келеді.

Айта кетейік, «Жас тәртіп сақшысы» қатарына 18 жасқа толған оқу орындарының студенттері қабылданады. ҚР 2004 жылғы 9шілдедегі №50 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы» заңына және ҚР ІІМ-нің 2004 жылғы 27 қарашадағы №641 бұйрығына сәйкес бұл азаматтар бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмаған, қасақана әкімшілік-құқықбұзушылық жасамаған болуы тиіс. Сондай-ақ наркологиялық және психодиспансерлік есепте болмауы ескеріледі. Азаматтық борышын орындаудағы ерекше еңбегі және ерлік пен жігер көрсеткен жасақ мүшелері қаржылай немесе мадақтамамен ынталандырылады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»