8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Шілде 2020 1438 0
Өзек

ТӘРТІП БҰЗҒАН 72 ЖАСӨСПІРІМ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНА ЖЕТКІЗІЛДІ

Жыл басынан бері Орал қаласы Полиция басқармасына 637 жасөспірім жеткізілген. Орал қаласы Полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімі  ата-аналардан жасы кәмелетке толмаған балаларына қатысты тәрбиелік жұмыстарды күшейтуді, оларды қараусыз қалдырмау және өз беттерімен жібермеулерін сұрайды. 

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықты алдын алу бағытында ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия мүшелерімен бірігіп жасөспірімдермен жасалып жатқан құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізіліп келеді. 2020 жылдың басынан бастап Орал қаласы Полиция басқармасына 637 жасөспірім жеткізілген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен әлдеқайда көп (2019 жылы – 528).

Түнгі мезгілде қоғамдық орында заңды тұлғаның жетелеуінсіз жүргені үшін 584 жасөспірім ұсталып, 570 ата-ана ескертіліп, 14 ата-анаға сот қаулысы негізінде 7 АЕК мөлшерінде (19 446 тенге) айыппұл салынды.

Соңғы 4 күнде Орал қалалық Полиция басқармасына түнгі мезгілде жүргендері үшін 72 кәмелетке толмаған ұсталып, жеткізілді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, орын алған құқық бұзушылықдардың басты себебі – ана-аналар тарапынан бақылаудың жоқтығы.

Биылғы жылы түнгі мезгілде жүрген және суға түсуге барып, батып кеткен балалардың саны үш есеге артқанынын атап өткен полицейлер ата-аналардан  жасы кәмелетке толмаған балаларына қатысты тәрбиелік жұмыстарды күшейтуді еске салып отыр.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»