8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2022 2015 0
Қалалықтар қаперіне

«ТӨРЛЕТ, НАУРЫЗ!»

Ұлыстың ұлы күніне орай бүгін Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Орал қаласы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Төрлет, Наурыз» атты мерекелік шара өтті. Шараға Орал қаласының әкімі А.Шыныбеков, педагогика саласының ардагерлері мен ұстаздар қатысты.

Театр фойесінде шараға жиналған қонақтар көркем еңбек, графика пәні мұғалімдерінің қолөнер, ұлттық ойындарды ойнайтын роботтар, көрмесін тамашалады.

Салтанатты жиын қала әкімі Абат Шыныбековтың мерекелік құттықтауымен ашылды. Шаһар басшысы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласында еңбек етіп жүрген аяулы ұстаздар мен ардагерлерге лебізін арнап, халықаралық, республикалық ғылыми жобалар байқауында жоғары нәтиже көрсеткен шәкірттерді дайындаған №42 «Ақ ниет» гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Д.Қанатбаеваға, Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы мұғалімдері Л.Зарипова мен Э.Вагаповаға және Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі Л.Құсайыноваға және республикалық «Үздік жыл психологы» байқауының жеңімпазы №47 жалпы орта білім беретін мектебінің психологы Ж.Досқалиеваға алғыс хат табыс етті.
11 жыл бойы өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің жетекшісі, 5 жыл республикалық пилоттық мектебіне өз үлесін қосқан, қазіргі таңда Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының директоры Б.Тлекенова өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Мейірім – әлемге махаббатпен» медалімен марапатталды.
Круглоозерный орта мектебінің мұғалімі Б.Қажмағанбетова, №40 орта мектеп мұғалімі А.Сабыр, №10 «Балапан» бөбекжайының тәрбиешісі А.Омарова БҚО білім басқармасының Құрмет грамотасын, №21 орта мектеп мұғалімі Л.Швацкая, М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейі директорының орынбасары Ә.Ыбыраева БҚО білім басқармасының Алғыс хатын иеленді.

Сонымен қатар шарада Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған байқаулар қортындыланып, арнайы номинация иегерлері марапатталды. Атап айтқанда, «Ұлттық құндылықтарды дәріптеген білім ұясы» номинациясымен Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі, Наурыз айындағы мерекелердің ақпараттандырылуы бойынша «Үздік инстамектеп» номинациямен №33 жалпы орта білім беретін мектебі, «Үздік инстабалабақша» номинациясымен №48 «Мұрагер» бөбекжайы марапатталды.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай жас мамандар арасында ұйымдастырылған зияткерлік сайысында белсенділік танытқаны үшін №42 «Ақ ниет» гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Қуанышевқа «Маржан сөздің білгірі» аталымы берілді.
Марапат иегерлеріне облыстық және қалалық кәсіподақ атынан сыйлықтар тарту етілді.

Салтанатты шара қалалық білім ұйымдары өнерпаздары ұсынған мерекелік концертпен жалғасын тапты.

«Жайық үні»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»