8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Наурыз 2021 1770 0
Өзек

ТҰРҒЫН ҮЙДЕ ӨРТ ШЫҒЫП, ЕКІ ГАЗ БАЛЛОНЫ ЖАРЫЛДЫ

Оқиға бүгін, 5 наурыз күні түс уақытында болған.

БҚО ТЖД «101» байланыс пультіне сағат 13.39-да Орал қаласы, 2-саяжай, «Никель» бау-бақша серіктестігі мекенжайында орналасқан тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алғандығы туралы хабарлама түскен.

Департаменттің баспасөз қызметі оқиға орнына 3 бірлік техника мен жеке құрамның 7 адамы жұмылдырылғанын хабарлады.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімі келгеннен кейін 120 шаршы метр алаңда үй жанып жатқаны анықталды. Сондай-ақ, 2 газ баллоны жарылып, үй қабырғалары құлаған.

Өрт сағат 18.00-де сөндірілді. Қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ.

Өрттің себебі – тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы.

БҚО ТЖД тұрмыстық газды пайдалануды абай болу қажеттігін ескертеді. Газ құралдарын қауіпсіз пайдалану бойынша барлық талаптар сақталуы тиіс.

Төтенше жағдай кезінде 101, 112, (газ қызметі 104) телефондарына қоңырау шалу керек.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»