Тұмауға қарсы екпе жұмыстары жалғасуда
Еліміз бойынша бірінші қазаннан бастап тұмау және өткір респираторлық вирустық инфекцияларға қарсы егілу басталды. Бүгінде облыстағы медициналық мекемелер жаппай іске кірісіп кетті. 57 мың адам тұмауға қарсы екпе алған. Бұл жұмыстарға облыс бюджетінен қаржы қарастырылыпты.Жыл сайын елімізде халықтың 20 пайызы тұмаумен ауырады екен. Ал бұл ауру түрі асқынса, адамның миына, жүрегіне тигізер қатты әсері бар. Сондықтан иммундық жүйені күшейткісі келген әрбір адам өзі тіркелген емханаға, кез-келген уақытта баруына болады. Медицина мамандары тұмаудың алдын алудың бірден-бір емі – екпе деп отыр.Эпидкезең басталғаннан бері облыстық инфекциялық ауруханаға 210 науқас түсті, оның 172-ісі (82%) балалар, 19-ы жүкті әйелдер.
Айнара ИСА
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу