8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қыркүйек 2020 1169 0
Дені сау ұлт

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЕГУ ЕРТЕ БАСТАЛАДЫ

Биыл тұмауға қарсы екпе әдеттегіден екі апта бұрын басталады. Осылайша адамдардың маусымдық ауруға иммунитет қалыптастырып үлгеруіне мүмкіндік беріледі. Биыл өңір халқының 15 пайызына екпе жасалады деп жоспарланып отыр.

Тұмауға қарсы екпе биыл 15 қыркүйекте басталады. Әдетте жаппай вакцинацияға қазанның орта кезінде қам жасалатын. Мысалы, өткен жылы 20 қазанда басталды. Вакцина саны бойынша айтарлықтай ерекшелік жоқ. Тек қана коронавирус инфекциясына байланысты биыл облыс халқының 15 пайызын екпемен қамту жоспарланып отыр. Мәселен 2019-2020 жылдары эпидемиялық маусымда барлығы 70 105 адам тұмауға қарсы (жалпы халықтың 10,6%) вакцина алған. Соның ішінде жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа 64 790 адам егілген. Биылғы жылы 67 мың ресейлік «Гриполл» препараты сатып алынған. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұл жолы қосымша тағы 40 мың доза алынған.

Тұмау – барлық жастағы ересектер мен балаларды зақымдайтын, ауыр вирусты жұқпалы ауру. Тұмау эпидемиясы жыл сайын, әсіресе жылдың салқын уақытында бой көтеріп отырады. Ақ халатты абзал жандар болса алдымен иммунитеті төмен топтағы адамдарға екпе салынатынын айтады.

– Алғашқы кезекте медициналық қызметкерлер, өкпе қан тамырларымен ауратын науқастар және иммундық жетіспеушілігі бар балалар егілмек. Соның ішінде балалар үйі мен қарттар үйіндегілерге вакцина алдымен жасалатын болады,– дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдрахманова.

Бүгінде санитарлар барлық емхана қызметкерлерін жинап, осы дерттің алдын алу шараларын жасау жөнініде шараларды ұйымдастыруда. Аурудың алдын алу қарапайым әдістермен де жүзеге аспақ, түшкірген немесе жөтелген жағдайда аузыңыз бен мұрныңызды қол орамалмен жабыңыз. Қолыңызды жиі сабындап жуып тұрыңыз. Науқас адамдармен қарым-қатынаста болуды шектеңіз. Арнайы вакцина алдағы эпидемиологиялық мерзімде ауа-райына байланысты қозуға қабілетті вирустарға қарсы тұра алады. Екпе егу – тұмаудан қорғанудың ең тиімді түрі.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
782 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
763 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»