8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Маусым 2021 2503 0
Жалын

ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Осыдан 11 жыл бұрын тұлымдары желбіреп, жүректері лүпіл қағып мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздар ойы толып, білім нәрімен сусындап жаңа өмірге қадам басты. Оралдағы орта мектептер биыл 2285 түлекті өз ұяларынан ұшырды. Дәстүрлі мектеп бітіру кештері  ұйымдастырылмағанымен, санитарлық талаптар ескеріліп, бүгін 14 маусым күні әр мектепте салтанатты жағдайда «Тәуелсіздік ұландары» атты аттестат табыстау шарасы өтті.

Қала әкімі А.Шыныбеков №45 жалпы орта білім беру мектебінің түлектерін 11 жыл алған білімдерін куәландыратын құжатты алуларымен құттықтады. Бұл мектептен 35 түлек жаңа өмірге қанат қақты. Түлектердің екеуі – «Алтын белгі», үшеуі – «Үздік аттестат» иегері атанған.

– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білім саласына қатысты қабылдаған стратегиялық шешімімен жас ұрпақтың білім алуына маңызды басымдық берілгені өздеріңізге белгілі. Нәтижесін егемендіктің осы кезеңінде өзіміз көріп отырмыз.  Алдымыздағы жас түлектеріміздің әрқайсысы алтын ұя мектептерінде 11 жыл оқып, ұстаздар тарапынан сапалы білім, саналы тәрбие алып, «Өмір» деген үлкен теңізге аяқ басқалы тұр. Әрине, бұл өмірдің  талай-талай кедір-бұдырлары болатыны сөзсіз. Мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз бұл жолда сенімді серік болады деп сенемін. Өздеріңіз таңдаған мамандықтарыңыз арқылы осы дүниенің бір кірпіші болып орындарыңызды табуларыңызға тілектеспін, – деді Абат Абайұлы.

Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұландары» шарасы аясында өңірімізде алты мыңға жуық түлекке орта білімді аяқтау туралы аттестат табысталды.  Соның ішінде 425 «Алтын белгі», 213 «Үздік аттестат»  иегерлері бар.  Соның ішінде қаладағы орта мектептерді 2285 түлек аяқтады.  Олардың 111-і «Алтын белгі», 67 түлек «Үздік аттестат» иегері атанған.

     Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»