8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Ақпан 2019 2372 0
Жалын

ҚҰТҚАРУШЫ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметінің қызметкерлері Көкшетау техникалық институтына түсушілерге үгіт-насихат жұмысын жүргізу мақсатында Орал қаласындағы Вольдорф бағытындағы мектеп-гимназия, №46 және 25 орта мектептерде кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді.

Кездесу Көкшетау техникалық институтының құрылу тарихы, оқу шарттары мен оқуға түсу секілді  ақпараттармен басталды.

Көкшетау техникалық институты жоғары білімі бар, білікті азаматтық қорғау офицерлерін дайындайтын ҚР ІІМ ТЖК-нің жалғыз ведомстволық оқу орны болып табылады. ҚР ІІМ ТЖК КТИ-да оқу, тұру, киім-кешек және тамақтанудың барлығы мемлекеттік қаржы есебінен өткізіледі. Бұл орайда мектеп бітіруші сыныптардың оқушыларына, мұғалімдеріне ҚР ІІМ ТЖК-нің КТИ-ына оқуға түсу форматы туралы түсініктеме берілді.

Сондай-ақ №3 орта мектептің 10-11 сыныптары арасында спорттық спартакиада өткізіліп, дода барысында жас өрт сөндіруші ретінде оқушылар өрт-сөндіру нормативтерінен өз бақтарын сынап көрсе, №46 және 25 мектептің 10-11 сынып оқушыларымен болған кездесуге КТИ-дың 1 курсанты, қаламыздағы №46 мектептің түлегі Жасұлан Әнуар Шыңғысұлы қатысып, өзінің болашақ өрт-сөндіруші-құтқарушы мамандығының қыр-сырымен бөлісті. Ол КТИ-ға ниет білдірген мектеп оқушыларына жас түлектерге қойылатын талаптар, Көкшетау техникалық институтына түсу туралы ережелер, сонымен қатар казармадағы өмір мен оқу орнының артықшылықтарын айтып берді.

Дәріс өткізілгеннен кейін ҚР ІІМ ТЖК КТИ-ына түсем деп ықылас танытқандармен жеке сұхбат өткізіліп, оқуға түсу бойынша жадынамар берілді.

Арайлым Ғани, БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі мемлекеттік тіл және ақпарат тобының маманы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»