14 Мамыр 2021 1950 0
ҚоғамҚҰТҚАРУШЫ ИТТЕР СЫНАҚТАН ӨТТІ
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің кинологиялық есеп-топтары сертификациялық сынақтан өтті. Аталған сертификациялық сынаққа қызметтің жедел-құтқару жасағы кинологиялық есеп-тобының «Илай» және «Джесси» есімді құтқарушы иттері қатысты.
Кинологиялық есептеулердің дайындық деңгейін, сыныптық біліктілігін тағайындау немесе растауда сынақтың жүргізілуі маңызды. Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді анықтау үшін іздеу иттерін дайындау және қолдану тәжірибесімен алмасуды тексеру шін де қажет.
Сертификаттау сынақтары 3 кезең бойынша жүргізілді. Алдымен иттер мойынсұну және ептілік жаттығуларының арнайы кешенін орындау сынағынан өтсе, одан соң кинолог маманның командаларын орындады. Үшінші кезеңде орманда және техногендік үйінділерден адамдарды іздеп табуға тартылды.
сынақтың қорытындысына комиссия құрамы жедел-құтқару жасағының кинологиялық есеп-топтарына Төтенше жағдай орын алған аймақтардан адамдарды құтқару бойынша операцияларға қатысуға мүмкіндік беретін іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы шешім қабылдады.
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Өзек
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
05 Желтоқсан 2025
28 0
Медицина
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
04 Желтоқсан 2025
114 0
Өзек
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды
02 Желтоқсан 2025
148 0
Өзек
Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады
22 Қараша 2025
455 0

Кіру
Пікір үстеу