8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Наурыз 2023 5373 0
Қоғам

Сыбайластықты жою – ортақ мүдде

Сыбайлас жемқорлық, пара беру қоғамды жайлап барады. Бұл орайда, сала мамандары жең ұшынан жалғасқан дертпен күрес шараларын күшейткен. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың «Парасат жолы» орталығында «Сыбайластықты жою – ортақ мүдде» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге кітапхана қорында сақталған сыбайлас жемқорлықтың тарихы, оның алдын алу және күрес жолдары туралы басылымдар, күнделікті БАҚ беттеріндегі әдебиеттер мен мақалалар ұсынылған. Шараға БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Парасат» жолы орталығының қызметкерлері мен студенттер қатысты. «Парасат жолы» орталығы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Адалдық алаңы» жобасы аясында 2021 жылы республиканың барлық кітапханаларында жұмысын бастаған болатын.

Парасаттылық алаңында сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюдың шаралары мен жолдары жиі қозғалады. «Қоғам жемқорлықтың салдары мен ашылған фактілермен таныс болуы қажет» дейді ұйымдастырушылар.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
99 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
189 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
228 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
267 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
346 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»