8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Наурыз 2024 2731 0
Қалалықтар қаперіне

Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Батыс Қазақстан облысының әкімі су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстарды күшейтуді тапсырды.


Батыс Қазақстан
облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы Зашаған кентіндегі су басу қаупі бар шағын аудандарға, Саратов тас жолындағы су арнасы жүйесіне, сондай-ақ, Орал қаласының ескі орталық көшелерінде болды.

Облыс әкімі төтенше жағдайлар департаментіне, қала әкімдігіне және коммуналдық қызмет саласының мамандарына қар, жаңбыр суларын уақытылы шығару, жолдарды бөгеу, қапшықтармен құм төсеу, су арналары мен құбырларды тазалауды тапсырды.

Айта кетейік, бүгін 2024 жылғы 26 наурыз күні облыс аумағында және Орал қаласында жауын-шашын тоқтаусыз жауып тұр. Осыған байланысты, жаңбыр және еріген қар суы жердің жібімеуіне, яғни тоңның қалың болуына байланысты, жерге сіңбей тұрғын үйлерді су басу қаупін төндіріп тұр.

Қазіргі уақытта су тасқынының алдын алу бойынша арнайы облыстық штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Өңір басшысы Нариман Төреғалиев шаһардағы су басқан қауіпті аумақтарды өз көзімен көріп, тиісті жұмыстарды күшейтілген режимде атқаруды тапсырды. Өз сөзінде облыс әкімі аталған жұмыстарды қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді.

​​​​​​​БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»