8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Мамыр 2021 1661 0
Қалалықтар қаперіне

СТРОИТЕЛЬ ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Орал қаласының  әкімі Абат Шыныбеков Строитель шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Шаһар басшысы аталған шағын ауданда жоспарланған демалыс аймағы және сол жерде құрылысы  басталған бес қабатты тұрғын үй мәселесіне тоқталды.

– Өздеріңізге мәлім, Сырым Датов көшесі мен Әбілхайыр хан даңғылы бойындағы демалыс аймағының жобасы биыл жүзеге асырыла бастады. Өткен жылы демалыс аймағы өтетін жердегі барлық инфрақұрылым желілері бойынша келісімдер жасақталды. Мердігер компания “Ануш құрылыс” ЖШС. Демалыс аймағы болатын жерде бұрын “КЭШ” тез тамақтану орны орналасқан болатын. Алайда, жеке кәсіпкер жердің нысаналы мақсатын өзгертіп, «КЭШ»-тің орнына бес қабатты тұрғын үйдің құрылысын бастады. Қазіргі таңда құрылысты тоқтатып, қолданыстағы заң талаптары негізінде жер телімін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары басталды, — деді қала басшысы.

Абат Абайұлының айтуынша, демалыс аймағының жобасын жүзеге асыру барысында сол жердегі барлық жасыл желектер сақталады.

– Жобада ағаштарды кесіп, алып тастау қарастырылмаған. Керісінше, бұл аймаққа жаңадан тал-теректер, көшеттер отырғызамыз. Мұнда демалу орындары мен спорттық аумақтар болады. Балалар да, ересектер де, зейнеткерлер де демалып, бос уақытын тиімді өткізе алады, — деді қала әкімі.

Кездесуде Абат Шыныбеков жергілікті тұрғындардың мәселелерін тыңдап, оларды шешу бағытында атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.

Мұнан соң, шаһар басшысы Сырым Датов көшесі мен Әбілхайыр хан даңғылының бойындағы демалыс аймағының құрылыс жұмыстарын тексерді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»