8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Ақпан 2021 1413 0
Өзек

СПОРТ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫ МАЛ ҰРЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН

Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығымен айналысып жүрген екі топтың қылмыстық әрекетін әшкереледі. Осы және басқа да қылмыстар туралы Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің бастығы Роман Дүйсеғалиев халықпен кездесу барысында айтып берді. Есеп беру кездесуіне облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов қатысып, кездесуден кейін азаматтарды қабылдады. Бас полицейге 7 азамата сауалдарымен жүгінді.

Бас полицейге  жолыққан тұрғындар мал ұрлығы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мәселелерді қозғап, жолдың сапасына көңілдері толмайтындарын айтты. Сондай-ақ ауылдың бір тұрғыны қаңғыбас иттердің ауылда қаптап жүргені туралы айтып, тиісті шара қабылдауды сұрады.

Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің бастығы Роман Дүйсеғалиевтің мәліметінше, Қаратөбе ауданындағы спорт мектебінің екі жаттықтырушысы алдын ала келісіп, ауыл тұрғындарының малдарын ұрлаған. Сондай-ақ осы ауданның ағалы-інілі ағайынды екі жігіт мал ұрлығымен айналысып жүрген. Кінәлі адамдарға қатысты сот шешімі шығарылған.

– «Жұртқа жақын полиция» қағидаты және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы бойынша маңызды қадамдардың бірі – полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру, тұрғын халықпен өзара тығыз байланысты жұмыс істеу, азаматтардың арыз-шағымдарына уақтылы ден қою. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерінің тиімді жұмыс атқаруына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Биыл қазынашылық кәсіпорнының бос тұрған ғимараты Полиция департаментінің теңгеріміне алынды. Енді осы ғимаратқа жөндеу жүргізіліп, жаңа заманауи технологиялармен жабдықтау жоспарлануда. Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары бейне тіркегіштермен жарақталатын болады. Бүгінгі күні аудан аумағында 9 бейне қадағалау камерасы бар, олардың көмегімен 110 құқық бұзу фактісі анықталды, оның ішінде 2-еуі қылмыстық құқық бұзушылық болса, 108-і әкімшілік құқық бұзушылық сипатында болып отыр, – деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»