8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2021 2777 0
Жалын

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Бүгін, 25  мамыр күні Орал қаласындағы мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Білім ұяларында мектеп түлектері  үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып, салтанатты шара ұйымдастырылды. Қаладағы №42 «Ақ ниет» гимназиясының, №16 орта мектеп ұстаздары мен оқушыларын облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге сәт сапар тіледі.

Биыл қала мектептері арасындағы үздік  орта білім беру ұйымы атанған №42 «Ақ ниет» гимназиясы 16-шы түлектерін ұшыруда.

– Сіздер, ХХІ ғасырдың ұрпағысыздар, миллениумда дүниеге келдіңіздер. Биыл ерекше жылы – Ел тәулесіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс орта мектепті тәмамдап, жаңа жолдарыңызды бастап жатырсыздар. Осы бастамаларыңызда сәттілік серік болып Тәуелсіз Қазақстанымызды бұдан әрі де биік белестерге жеткізетін азамат-азаматша болады деп сенеміз. Бүгінгі күні облысымыз бойынша 6000-ға жуық түлек мектептерінен шығып жатыр. Өзіне айқын мақсат қойып, өмірлік жолын дұрыс таңдай білген жастар өз кірпіштерін берік қалайды. Мектеп өмірінде жеткен жетістіктеріңіз аз емес, алдағы уақытта  республикалық, халықаралық деңгейде сіздерді  көреміз деп сенеміз, – деді Мұхтар Наурызбайұлы.

Білім ұясының басшысы Ерік Жылқыбайұлының мәліметінше,  түлеп ұшар 83 ақниеттік түлектің сегізі – «Алтын белгі» төсбегілісіне, үшеуі – «Ерекше аттестатқа» үмітті. Оқу жылын сәтті аяқтағанын атап өткен гимназия басшысы әр түлек ұстаздардың жүрегінде ұзақ сақталатынын атап өтті.

– Тарыдай болып кірген шәкірттеріміз 11 жыл бойы білім нәрімен сусындап, рухани азық  жиып үлкен өмірге сапар шекпек. Бүгінгі түлектерімнің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен гимназия тарихында қалып отыр. Қалалық, облыстық, республикалық олимпиада, ғылыми жобалар байқауларында жетістікке  жетіп жүрген оқушыларымыз өте көп.  Мектеп өмірінде айрықша жетістікке жетіп, өз бағыттарын айқындаған бұл шәкірттерімнің болашағынан зор үміт күтемін, – дейді мектеп директоры.

Биыл аталмыш гимназияда 2332 оқушы оқыды. Білім сапасы 70 пайыз, мұғалімдердің сапалық құрамы – 65 пайыз.

****

Сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев өзі осыдан 20 жыл бұрын түлеп ұшқан №16 орта мектептегі салтанатты шараға арнайы қатысты. Ұстаздар мен ата-аналарды, оқушыларды соңғы қоңырау салтанатымен құттықтады.

Биылғы оқу жылында білім ұясында 1037 оқушы білім алды. Олардың 24-і –түлектер. Бұл аталмыш мектептің 54-ші түлектері. Түлектердің төртеуі – «Алтын белгіге», біреуі – «ерекше аттестатқа» үміткер. Мектеп басшысы Мария Кабакованың сөзінше, білім сапасы өткен жылғыдан 7 пайызға жоғарылаған.

Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылында  қаламыздағы мектептердің 1-11 сыныптарында 52695 оқушы білім алды. 2285  түлек алтын ұяларымен қоштаспақ. Олардың 111 – і «Алтын белгіге», 45-і «Ерекше аттестатқа» үміткер.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»