8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Сәуір 2022 1732 0
Қалалықтар қаперіне

СКРИПКАШЫЛАР КӨРЕРМЕНДІ ТӘНТІ ЕТТІ

Адам жанының дауасы – музыка. Әуелеп шырқалған әуен бойыңа дарып, жаныңды тыныштандырып, өзге ғажайып  әлемге алып кетердей күй кешесің. Жарық, көрермен, жүрек қылын қозғаған сазды  скрипка  үні.

Ақжайық өнерпаздар ордасы екені даусыз. Соның дәлелі көктемнің шуақты күні Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театр сахнасында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Жастар мәдениет сарайының» ұйымдастырылуымен және Надежда Нұрпейісованың жетекшілігімен «Струны души» скрипка ансамблінің концерттік есеп беру кеші  өтті.

Өз шымылдығын қазақтың ұлттық әндерімен ашқан шарада халық арасына кең танымал әлемдік әуендер мен фильмдер саунтректері заманауи  аспапта скрипканың сүйемелдеуімен орындалып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

  • Биыл скрипкашылар ансамблінің құрылғанына 20 жыл  толып отыр.  Осы уақытқа дейін репературамызда отандық, шетелдік 50-ден астам шығармалар бар. Ансамбль 2018 жылы Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен III «Kazan – Music Йорт» байқауының бірінші орын иегері атанды.  2001 жылы 28 маусымда қала әкімдігінің қолдауымен және қалалық мәслихаттың шешімі бойынша скрипкашылар ансамблі қалалық  мәдениет бөлімінің бұйрығымен құрылған болатын. Тыңдармандарымыз тек шаһар тұрғындарымен шектеймей Ақтөбе, Павлодар, Орынбор, Ресей Федерациясында да бар. Алдағы уақытта ансамбліміз үлкен концерт берумен тоқтап қалмай, республикамызға, шет елдерге, Ресей Федерациясына арнайы бағдарламамен баруды жоспарлап отыр, – дейді қалалық Жастар мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Бұлбұл Ғайноллақызы.

Надежда Нұрпейісова, скрипкашылар ансамблінің жетекшісі:

  • Ансамбліміздің алғашқы жетекшісі Еңбек ардагері Попова Нина Ивановна болатын. Нина апай осы шарада өнер көрсеткен  Д.Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебінің жетекшісі.  Қазіргі уақытта біздің топ мүшелерінің барлығы осы кісіден сабақ алып жүр. Өзім 2017 жылдан бастап ансамблге жетекшілік етемін. Біздің репертурамызда кез-келген жастағы жандарға ұнайтын әуендер бар. Себебі, біз қазақ халқының ұлттық әндері мен қатар жасөспірімдерге қызықты аниме, фильмдерін орындаймыз. Сонымен қатар, бүгінгі кештің қонақтары өз істерінің қас шеберлері – Халықаралық байқалардың лауреаты Тарас Жауымбаев, Жасұлан Зинеденов, Жасқайрат Махсотов, Тұрлыхан Абуханов, Евгений Курдюков, Асхат Ғабдуқулов, Марат Сарбөпеев өнер көрсетті.Бізге ансамбль мүшелері ортаңғы және жоғарғы оқу орындарын бітірген және де олардың көбінің тәжірбиесі 25 жылдан да көп. Басты қолдаушыларымыз – көрермен.

  Гүлбибі БАҚЫТБАЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
782 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
763 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
714 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»