8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Наурыз 2020 1896 0
Қалалықтар қаперіне

ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидасына сәйкес, Шыңғырлау ауданының әкімі лауазымына Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы тағайындалды.

Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы – 1978 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетін «агрохимия және топырақтану», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:
– Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Кожевников орта мектебінің мұғалімі;
– Жер ресустарын басқару жөніндегі Зеленов аудандық бөлімінің жетекші маманы, Переметное ауылы,
– Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары жөніндегі бас маманы, Переметное ауылы,
– Зеленов ауданының жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі, Переметное ауылы,
– Зеленов ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы, Переметное ауылы.

2014 жылдың тамыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Айта кетейік, 2019 жылдың аяғында Шыңғырлау ауданында білім беру бөлімі басшысына қатысты жемқорлық фактісі тіркелген болатын. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиғаға байланысты Шыңғырлау ауданының әкімі Тұрмағамбетов Ержан Рысжанұлы өз еркімен жұмыстан кету туралы шешім қабылдап, өтінішін білдірген. Облыс әкімі Ержан Рысжанұлының өтінішін мақұлдады. «Жаңа ереже шықпас бұрын болған оқиға болғанымен, басшы ретінде барлық жауапкершілікті мойындай отыра осындай шешім қабылдаған аудан әкімінің әрекеті – оның тәрбие көрген, адамгершілігі және басшы ретінде жауапкершілігі мол азамат екенін көрсетеді.
Ержан Рысжанұлы тәжірибесі мол мемлекеттік қызметші. Әлі де елге тигізер пайдасы көп. Ол кадр резервінде болады» делінген облыс әкімдігінен түскен хабарламада.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
360 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
445 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
502 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
514 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
564 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
787 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
815 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
766 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
717 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
761 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
944 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»