8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Шілде 2019 2703 0
Өзек

ШАРУАШЫЛЫҚТАР САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫНА МӘН БЕРМЕЙ ОТЫР

Қазір пішен шабындығының қызған шағы. Осыған байланысты пішен дайындалатын және оны сақтайтын жерлерде өрт шығу қаупі де арта түсуде. Оның негізгі себептері – далада от жаққанда қоламтасын қалдырып кету, өшірілмей лақтырылған темекі қалдықтары, сондай-ақ тракторлар мен автокөліктердің тұрбаларынан шығатын ұшқындар. Әсіресе, күн өте ысығанда, желді күндері далада өрт шығуы үлкен апатқа ұшыратады. Онымен күресу үшін көп адамдарды, техникаларды жұмыстарынан қол үздіруге тура келеді керек.

Жем-шөпті дайындау қызу қарқын алуда, ал бірқатар шаруашылықтар өрттен сақтану шараларын қолданбай отыр, науқан басталғанға дейін жемшөпті өрттен сақтандыру шараларын қолдану жөнінде айтылғанмен, бұған тиісті мән бермеуде.

Жем-шөп дайындаумен бірге оны қыстақтар басына тасу қабат жүргізілуде, ал пішен сақтайтын орындар өрт қауіпсіздігі жағдайына келтірілмеген. Мысалы, шөпқоймаларындағы найзағай тартқыштар монтаждау, оның аумағын шөптен тазарту, өрт сөндіру құралдарымен және су қорымен қамтамасыз ету орындалмаған. Мұндай жайбарақаттық ауыр жағдайларға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан қазірден бастап пішенді өрттен сақтауда орын алып отырған кемшіліктерді жою жөнінде шұғыл шаралар қолдану керек. Барлық профилактикалық шаралар машиналар мен тракторлардың от ұшқындарын болдырмауға, автокөлік қозғалтқышының қызып тұрған бөлігіне шөп түсіп тұтанудан, шылым тартудан және өрт қауіпсіздігінің басқа да ережелерінің бұзылуынан сақтандыруға бағытталуы керек.

Шөп шабуда және жемшөп тасуда жүрген барлық ауыл шаруашылығы агрегаттары ұшқын сөндіретін және өрт сөндіретін құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс. Жемшөп дайындауда, тасуда жүрген адамдар міндетті түрде өртке қарсы нұсқаудан өтулері керек. Далада, дала қостарында жөндеу және темір дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы режимнің қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет. Әсіресе пішен қоры сақталатын орындарға ерекше көңіл бөлген жөн.

Пішен маялау ережесін сақтаудың маңызы зор. Бір мая пішен сақталатын алаң 300 шаршы метрден, ал тайлап буылған пішен мен сабан сақталатын алаң 500 шаршы метрден аспауы керек. Әрбір үйілген қатарлардың ара қашықтығы 20 метрден кем болмауы керек. Қатарлар мен маяларды парлап орналастырғанда аралары 6 метрден, ал көрші парлар кемінде 3 метрден кем болмайды.

Пішен сақтайтын жерлердің аумағында жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы техникаларының түтін шығатын тұрбалары мен басқа да жүйелері мұқият жөнделіп, электрмен жабдықталып, ұшқын сөндіргіштермен қамтамасыз етілуі тиіс. Пішен қоймаларында өртке қарсы қатаң режим, сенімді күзет орнатылып, оған бөтен адамдардың, әсіресе балалардың кіруіне жол бермеу керек. Осы шаралардың барлығын орындағанда біз дайындалған жемшөптің толық сақталуын қамтамасыз етеміз.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»