8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қараша 2020 1100 0
Қоғам

ШАҒЫН ДҮКЕНДЕР ЖЕЛІСІ АШЫЛАДЫ

Оралда азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сатуға арналған шағын дүкендер желісі құрылады. Дүкендер желісінде тұрақтандыру қорының әлеуметтік маңызы бар өнімдері және жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің тауарлары сатылатын болады. Бұл туралы дүйсенбі күні БҚО әкімдігінде әлеуметтік маңызы бар тауар өнімдерінің бағасын тежеу бойынша өткен жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев мәлімдеді.

 БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтың айтуынша,  алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар тауарлар арзан бағамен сатылатын «Ел ырысы» шағын маркеттер желісін құру жоспарланып отыр.

– «У дома» дүкенінің осындай тұжырымдамасы бар. Осы дүкендердің құрылымында әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатылымның 5-7 пайыз шамасын құрайды. Олар негізгі пайданы осы тауарларды сатудан емес, алкоголь мен темекіден алады. Біз «Ел Ырысы» шағын базарларында өзіміздің әлеуметтік дүкендер желісін құрып, олардың санын 30-ға жеткізіп, қала бойынша дамытқымыз келеді. Олар тауарларды тұрақтандыру қорынан арзан бағамен сататын болады. Біз барлық ауылшаруашылық тауар өндірушілерімізге мүмкіндік береміз, – деді БҚО әкімінің бірінші орынбасары. Сондай-ақ Мұхтар Наурызбайұлы қазіргі таңда әкімдік қызметкерлері орта және шағын кәсіпкерлік нысандарының жұмысына араласа алмайтынын, бірақ халықты арзан өніммен қамтамасыз ету олардың міндеті екенін ашып айтты.

Айта кету керек, шағын базарлар желісі  бюджет қаражаты есебінен салынады, бір бутикке шамамен 2,2 млн. теңге жұмсалады. Кейін ол тікелей тауар өндірушілердің жауапкершілігіне берілмек.  Күні бүгінде  өңір тұрғындары күнбағыс майының бағасы екі есеге өскенін айтып дабыл қағуда.  Жиында көкөністерге, қант пен күнбағыс майына осы жылдың желтоқсанынан бастап келесі жылдың ақпанына дейін шекті бағалар қою мәселесі жан-жақты талқыланды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»