8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Ақпан 2019 2134 0
Қалалықтар қаперіне

СЪЕЗД ДЕЛЕГАТТАРЫ СӨЙЛЕЙДІ

Думан ҒАЗЕЗ, «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Елбасы Жолдауларында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру жайы айтылған. Осы бағыттағы іс-шаралардың жүзеге асуына партия ұйытқы болып келеді. Мәселен, «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған 104 шақырымдық Орал-Тасқала-Ресей күре жолының құрылысы аяқталып, Елбасы ресми түрде ашып берген болатын. Жылдар бойы жол машақатын тартып келген Бәйтерек пен Тасқала аудандары тұрғындарының ризашылығын Мемлекет басшысына жеткіздім. Бұл жұмыстар «Нұр Отан» партиясының тікелей бақылауымен жүзеге асты. Партияның қолдауымен 100 спорт алаңын салу жобасы жүзеге аса бастады. «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша Тасқала ауданына соңғы үш жылда 160-тан астам жас маман келді. Осылайша ауылдағы білімді жастардың қатары артты. Бұл жастардың қалаға қоныс аударуын біршама төмендетті. Партияның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасында қарастырылған «Ауыл – ел бесігі» жобасы осы жұмыстардың одан әрі жетіле түсуіне ықпал етеді. Съезд барысында Елбасы «Құтты мекен» партиялық жобасын жолға қоюды тапсырды. Бұл партия жұмысының маңызды бағытына айналуы тиіс. Бүкіл елді таза ауыз сумен қамту, аумақты газдандыру шаралары партияның бақылауында. «Нұр Отан» партиясы тұрғындар мен жергілікті биліктің арасындағы көпірге айналды. Өткен жылы аудандық филиал 153 қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Халықтан 215 өтініш түссе, оның жартысынан көбі толық шешімін тапты. Елбасының бес әлеуметтік бастамасын халыққа түсіндіру мақсатында шалғай елдімекендерге барып, қоғамдық қабылдау өткіздік. Қоғамдық қабылдаулар «бірыңғай әлеуметтік терезеге» айналуы үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Бүгінде білікті азаматтардан құралған партияның жаңа форматтағы кадрлық резервін жасақтадық. Нәтижесінде республика бойынша 10 260 партия мүшесі кадрлық резервке алынды. Резерв жасақтау биыл да жалғасады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»