8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Ақпан 2019 1900 0
Қалалықтар қаперіне

СЕНБІЛІК ЖАРИЯЛАНДЫ

2 наурыз күні Орал қаласында жалпықалалық сенбілік өтеді. Бүгін қала әкімінің орынбасары Сергей Доля брифинг өткізіп, БАҚ өкілдері арқылы қала тұрғындарын, ірі кәсіпорындар мен барлық меншік түріндегі ұйымдар мен бизнес нысандардың иелерін қар тазалау шарасына белсене қатысуға шақырды.


Жауын-шашынның көп түсуі коммуналдық сала қызметкерлеріне дес берер емес. Сол себепті көктем кезінде еріген қар суынан келетін қауіптің алдын алу үшін қар шығару жұмысына әр қалалық қатысуы тиіс.

Бүгінге дейін «Жайық таза қала» ЖШС 760 мың текше метрден астам қар шығарған. Мекеме тәулік бойы жұмыстануда. Сергей Доля атап өткендей, шаһар бойынша су басу қаупі бар 35 аумақ бар. Аталмыш мекеме жұмысшылары мен бар техникаларын бірінші кезекте осы аумақтардағы қарды тазалауға жұмылдыруда.  Жалпы 40-тан астам тиегіш пен 100 шақты жүк көлігі бар.

– Абаттандыру ережесіне сәйкес барлық мекеме-кәсіпорындар өз аумақтарының тазалығын қамтамасыз етуі тиіс. Биылғы қыста қардың жамылғысы қалың. Осы аптада да жауын-шашын мөлшері көп. Сондықтан сенбілік жарялап отырмыз. Барлық мектеп, медициналық ұйымдар сынды әлеуметтік нысандар өздеріне тиесілі аумақтың қарын тазалауы керек. Жиналған қарды «Жайық таза қала» ЖШС шығарады. Ал сауда үйлері, зауыттар, тағы да басқа кәсіпкерлік нысандары аумақтарын өздері тазалап, өздері шығарады. ПИК-тер сенбі күні қолдарына құралдарын алып, ауланы, шатырдағы қарды, мұзды тазалауы тиіс. Бұл іске тұрғындарды да белсене қатысуға шақырамын, – деді Сергей Евгеньевич.

Бүгінде Асан карьері қарға толық. Енді қала әкімдігі қар төгу үшін екі орынды белгілеп отыр. Олар – «Балауса» және «Деркөл» шағынаудандарында орналасқан. Ал әлеуметтік нысандар қар шығару туралы «Жайық таза қала» ЖШС-ға 51-85-55  нөмірі арқылы тапсырыс берулеріне болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»