8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2024 3006 0
Оқиға

Саусақ іздері бойынша қылмыстың беті ашылды

Криминалистердің жұмысындағы басты қағида – ол дәлелдемелер мен мәліметтерді жинақтау. Қылмыскерлер іздерін қанша жасырғысы келсе де, тәжірибесі мол кәсіби маманның өзі түкке тұрғысыз зат арқылы қылмыскердің құйтырқы амалын шешіп, қылмыскерлерді әшкерелеп жатады.

Сондай кәсіби мамандардың бірі – Батыс Қазақстан облысы бойынша Орал қалалық ПБ Шаған Пб жедел-криминалистикалық тобының криминалисті Руслан Дускалиев күдіктілердің терезеге қалдырып кеткен саусақ іздері арқылы пәтер ұрлығын ашты.

2023 жылы қыркүйек айында 102 операторына жергілікті тұрғын хабарласып, сейфтен миллиондаған доллар ұрланғанын хабарлады. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жіберілді. Анықталғанындай, белгісіз біреу Орал қаласындағы тұрғылықты үйлердің біріне терезесін сындыру арқылы еніп, сейфтен 10 мың АҚШ долларын және 3млн. 700 мың теңге (шамамен 8 млн.теңге көлеміндегі) ақшалай қаражатын құпия түрде ұрлап кеткен.

Уақытын жоғалтпай полиция майоры Р.Дускалиев оқиға орнын, қылмыскердің келіп-кету жолын жан-жақты тексеріп шығады. Нәтижесінде ұры кірген терезеден қолдың іздерін табады. Іздерді жедел тексеру барысында криминалистикалық есеп базасы бойынша күдіктінің кім екені анықталды. Ол 33 жасар облыс орталығының тұрғыны екені анықталды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәулікке жетпейтін уақыт ішінде қылмыскер ұсталды. Бағына орай, қаскүнем ұрланған ақшаны түгел жұмсап үлгермеген. Ол тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Орал қ. қылмыстық сотының шешімімен күдікті сотталып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне жақын арада енеді.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»