8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қаңтар 2019 2424 0
Қалалықтар қаперіне

«САРЫАРҚА» ШАҒЫНАУДАНЫНА ЖОЛ САЛУ БАСТАЛАДЫ    

       Өткен жылы Орал қаласында жол құрылысы бойынша 50 шақырымды құрайтын 50 көшенің жолы жөнделді. Биыл 500 млн. теңгеге жол жөндеу жұмыстары жалғасады. Соның ішінде «Сарыарқа» шағынауданының ішкі жолдарын жөндеу басталады. Бұл туралы бүгін Деркөлде өткен есептік жиында Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев мәлім етті.

Орал қаласындағы жолдың жалпы ұзындығы – 616 шақырым.  Оның 58 пайызы асфальтбетон жабынды. Есепті мерзімде жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі асфальтбетон жабынды автокөлік жолдары 76,16 пайызды құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 7,36 пайызға артық.

– 7,5 млрд. теңгеге 50 шақырымды қамтитын 50 көше жолы жөнделді. 30 әлеуметтік нысанға баратын жол қамтылды. 300 млн. теңгеге «Үміт» шағынауданындағы Белинский, Космановттар, Гоголь, Хорошикина көшелері бойынша 2000 метрлік жол салынды. Космонавттар, Хорошкина көшелеріне тротуар төселді. Сондай-ақ «Сарыарқаға» кіреберіс жол жасалды. ТЖЖ-2-ге жол салу биыл да жалғасады, – деді қала басшысы.

Өткен жылы «Көкжиек» шағынауданына кіреберістегі 3,5 шақырым  жол салынған болатын. С.Лазо көшесінен Маштаковқа дейін  және Бараев, Латышский көшелеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. «Көкжиектегі» 22 көшенің жаяу жүргіншілер жолы құрылысы аяқталды. Западный, Центральный көшелеріне және Ветелки ауылының жолына қиыршықтасты қоспа төселіп, Ветелки ауылына және №29 мектептің ауласына, Центральный көшесіне тротуар салынған.

Қала әкімінің сөзінше, бүгінде «Сарыарқа» көшесінің 48 көшесі жолдарының жобалық-смеатлық құжаттамасы дайын. Бірінші кезекте қоғамдық көлік жүретін жол жасалады. Қалған ішкі жолдары кезең-кезеңімен салынатын болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»