8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Ақпан 2021 2204 0
Спорт

САМБОДАН АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖАУҒАН КҮН

6 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль – самбодан ел чемпионатында батысқазақстандық спортшылар осындай табысқа қол жеткізді.  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған ерлер мен әйелдер арасындағы чемпионат Талдықорған қаласында өтіп, бүгін қорытындыланды.  

Талдықорған қаласында ұйымдастырылған дода үш күнге созылды. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жарысқа 14 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қалалардан сонымен қатар Байқоңыр қаласы командасынан 400-ге жуық спортшы қатысқан. Биылғы чемпионаттың ерекшелігі халықаралық самбо федерациясының бекіткен ережесіне сәйкес, палуандар жаңа салмақ дәрежелерінде белдескен.

Үш күнде облыс құрамасы сапында өнер көрсеткен спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетті.

Атап айтқанда, ерлер арасында 58 келі салмақта Болатбек Райымқұлов – бірінші орынды иеленді. 71 келіде белдесуге шыққан Нұрбол Серіков те бірінші орын алды. 88 келідегі салмақта шыққан Еркебұлан Қалеш пен +98 келіде шыққан Темірлан Көлбай есімді спортшыларымыз да өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанды.  Ерлан Оңалов – жүлделі үшінші орынды  иемденді.

Әйелдер арасында 54 келі салмақ бойынша Гүлдана Әлмұханбетова – бірінші,  осы салмақта Әйгерім Телемгенова – үшінші орын алды. 50 келі салмақта Құралай Қабырайқызы – үшінші орынға ие болды.

Әскери самбодан 64 келіде боз кілемге шыққан Әділбек Сейісов – бірінші орын, осы салмақта белдескен Қазбек Сұпығалиев – екінші орын алды. 71 келіде  Серік Қартабаев, 79 келіде Рафаэль Тасболатов, 98 келіде Әділет Қабулов жүлделі үшінші орынды  иеленді.

«Бұл бір күндік жұмыстың нәтижесі емес екені мәлім. Бұл үлкен жетістік – БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мен БҚО самбо федерациясының және Райбек Меңдіғалиев пен Нұфтолла Түменов бастаған батысқазақстандық бір топ бапкерлердің көп жылғы еңбегінің жемісі деп білеміз,» дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының маманы Ринат Дүйсенов.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
127 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
135 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
262 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
529 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
582 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
651 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
677 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
724 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
946 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
961 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
916 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»