Саяжай тұрғындарымен кездесу өтеді
Учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жақсарту мақсатымен 23-24 тамыз күндері БҚО ІІД жергілікті полиция қызметі бастығы полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің саяжай қауымдастықтары тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесуде азаматтарға полиция қызметкерлерінің тәртіп бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстары баяндалып, полиция қызметкерлерінің жұмысына қатысты мәселелер, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалады.
Кездесулер уақыты:
23.08.2018 жыл. Сағат 19.00 – 2-саяжай (оң бұрылыс) – «Энергетик» саяжай қауымдастығы – күзет маңында.
24.08.2018 жыл. Сағат 19.00 – Телецентр ауданындағы саяжайлар – «Орбита», «Зенит» саяжай қауымдастықтары – трансформатор маңында.
БҚО ІІД жергілікті полиция қызметі

Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу