8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Сәуір 2022 1461 0
Руханият

Сүйінші хабар! АКТЕР ҒЫЛЫМИ АТАҚ АЛДЫ!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен 2022 жылы 18 наурыздағы №101 бұйрық  бойынша Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының белгілі қызметкері, талантты актер әрі режиссер
Ахманов Мұрат Ноянбайұлына қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Ақ Жайық өңірінің бір топ зиялы қауымы Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында көп жылдар қызмет атқарып, театрдың өркендеуіне зор үлес қосқан танымал тұлғаны ғылыми атағымен құттықтайды!

Мұрат Ноянбайұлы Ахманов 1959 жылы 1 маусымда Алматы облысы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Алматы театр-көркемсурет институтын (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) актерлік, 1998 жылы режиссерлік бөлімін бітірген. Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1998). «Құрмет» орденінің иегері (2012). республикалық фестивальдердің 4 дүркін бас жүлделердің иегері.
1976 жылы Қазақ ән-би ансамбілінде биші. 1984-1993 жылдары -Талдықорған облысы драма театрында актер, қоюшы-режиссер қызметін атқарған. 1999-2001 жылдары Жезқазған музыкалық драма театрының бас режиссері. 2001-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысы драма театрының бас режиссері. 2005 жылдан Алматы облысы драма театрының директоры – көркемдік жетекшісі. М.Ахманов 30-ға тарта рөлде ойнап, 20-дан астам спектаклді сахналады. Ол қойған С.Асылбековтің «Бір түнгі оқиға» спектаклі – VI республикалық, Ә.Тәжібаевтың «Алтын күмбез» тарихи драмасы X респубилкалық фестивальде бас жүлде алды.

 Гүлбибі БАҚЫТБАЕВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»