Құрылтай сайлауы өткен соң, 145 депутат заң шығарушы органға 5 жылға жайғасады
Жаңа заңдар, жаңа бастамалар көтереді. Бұрын айтылып, алайда тарих қойнауына кеткен Мәжіліс пен Сенат шешуге үлгермей қалған кей мәселені жаңа депутаттар шешуге тырысады. Ол түсінікті жайт. Дегенмен кез-келген тәжірибе көрсеткендей, кез-келген реформаны, заңды, бағдарламаны кәсіби мамандар жүзеге асырады. Осы ретте партиялар ұсынған кандидаттардың кәсіби болуы маңызды.
Барлық партия өз кандидаттарын ұсынды. Тіркеуден өтіп жатыр. Бүгін «Әділет» партиясының кандидаттары тіркеуден өтіпті. Олар 10-шілдеде тізімді ұсынды және 186 кандидаттың есімін жариялады. Бұл ең үлкен тізім болды. Оның ішінде түрлі саланың мамандары бар. Кәсіпкер, заңгер, журналист, саясаттанушы және басқа дегендей.
Партия институционалдық тәжірибесі мол мамандардың шоғырын жасауға тырыстық дейді. Мемлекеттік басқару саласында еңбек еткен 27 кандидат пен заң шығару қызметінде тәжірибесі бар 22 кандидатты тізімге қосыпты. Бұлар мемлекеттік шешімдердің қалай қабылданатынын, бюджеттің қалай қалыптасатынын, заңдардың қалай әзірленіп, қалай орындалатынын жіті білетін адамдар ғой.
Қазіргі таңда елдің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті қолдау, цифрлық трансформацияны жалғастыру және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру. Бұл мәселе жиі айтылуда. Бұл міндеттердің әрқайсысы заңнамалық өзгерістерді де, әкімшілік шешімдерді де қатар талап етеді. Сондықтан мұндай міндетті жүзеге асыру үшін мемлекеттік жүйенің ішкі логикасын терең түсінетін мамандардың болуы маңызды факторға айналады. Сол үшін де партия жоғарыда айтылған азаматтарды өз тізіміне қосты деуге болады.
Президент Әкімшілігінде, Парламентте, Сенатта, министрліктерде, мемлекеттік аудит органдарында және өңірлік басқаруда қызмет атқарған азаматтар партияның тізімінде сол үшін жүр.
Заң шығару тәжірибесі де ерекше маңызға ие. Себебі кез келген жақсы бастама нақты құқықтық негізсіз толық жүзеге асуы қиын. Заң жобасын әзірлеуден бастап, оның орындалуына дейінгі бүкіл процесті жүзеге асыру оңай емес. Заңды әзірлеудің өзі қиын процесс.
Бұл тізімдегі басқа сала мамандарын кемсіту емес. Олай ойлап қалмасын. Бірақ логикаға салсақ ертең сайлаудан кейін партия кандидаттар тізімінен ең алдымен жоғарыда айтылған азаматтарды депутат етеді. Ең алдымен институционалдық тәжірибесі мол мамандарды таңдап алады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру