8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қараша 2019 1883 0
Өзек

ӨРТЕНГЕН «ШАЛЕ» КЛУБЫ ТИЫНҒА БАҒАЛАНДЫ

    Екі жыл бұрын өртеніп кеткен «Шале» түнгі клубының иесінің облыстық сотқа берген шағымы кейінге қалдырылды.  Клуб иесі  бұған дейін жасалған сараптамалардың дұрыстығына сенбейді. Алайда, оқиғаға кінәлі деп танылған «РЦКУ – Уральск» ЖШС қорғаушысы екі жақты мәмілеге келу үшін қосымша уақыт сұрауы себепті  нақты шешім шықпай қалды.

Апелляциялық алқа отырысы облыстық сотта өтті. Талапкер  Владимир Охватовтың айтуынша жүргізілген алғашқы сараптама өрт шығынын  205 млн. теңгеге бағалған. Алайда екінші  жүргізілген сараптама бар болғаны нысан құнын 30 млн. теңгеге теңеген. Сол себепті кәсіпкер облыстық сотқа шағымданып отыр.  – Екінші сараптама басқа қалада жасалған. Олар клубтың бағасын 10 есе төмендетіп көрсеткен. Сол себепті бұл жерде күмән бар. Нысанның күлге айналып жоқ болғанына  екі  жылдан асты.  Бірақ біздің шығынымыз өтелер емес,– дейді кәіпкер Охватов. Сот отырысында

«РЦКУ – Уральск» ЖШС қорғаушысы,  Нұрлыбек Юсубалиев кәсіпкермен бітімгершілік келісім жасасқысы келетінін мәлімеді.

– Біз қосымша 27 қарашаға дейін уақыт сұраймыз. Кәсіпкермен нақты бір келесімге келгіміз келеді,– деді Н. Юсубалиев. Түнгі клуб 2017 жылдың қазан айында түскі мезгілде жанып кеткен болатын. «Шале» түнгі клубында есептегішті ауыстыру кезінде айналаға ұшқынның таралуына жол бермейтін өндірістік жабдықты қорғау құрылғысын қолданбаған жұмысшының салдарынан түнгі клуб өртеніп, қожайынына аса ірі көлемде, яғни 120 155 990 теңге шығын келтірілген еді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
362 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
447 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
504 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
516 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
566 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
305 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
790 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
818 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
768 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
719 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
763 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
946 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»