06 Ақпан 2021 1306 0
ӨзекӨРТ ШЫҚҚАН ЖАТАҚХАНАДАН 73 АДАМ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Оралда жатақханадан өрт шығып, құтқарушылар 73 адамды эвакуациялады.

6 ақпанда түнгі сағат 3.27-де БҚО Төтенше жағдайлар департаментіне Орал қаласындағы Исатай-Махамбет көшесі 82/1 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнын барлау кезінде 9 қабатты жатақхананың бірінші қабатындағы баспалдақ алаңындағы 10 шаршы метрлік қосалқы орын-жайда жеке заттардың жанып жатқанын анықтады.
Жатақханадан жалпы 73 адам эвакуацияланды, олардың 17-сі бала.
Өрт сағат 3.57-де оқшауланып, сағат 4.09-да толықтай сөндірілді.
ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнында 6 техника мен жеке құрамнан 17 қызметкер жұмыс атқарды.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өзек
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
05 Желтоқсан 2025
27 0
Медицина
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
04 Желтоқсан 2025
112 0
Өзек
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды
02 Желтоқсан 2025
148 0
Өзек
Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады
22 Қараша 2025
455 0

Кіру
Пікір үстеу